» » ШАРУАШЫЛЫҚТАР ЖҰМЫСЫ ШИРАЙ ТҮСТІ

ШАРУАШЫЛЫҚТАР ЖҰМЫСЫ ШИРАЙ ТҮСТІ

Ата кәсіптің адымын алға бастырған аудан азаматтары мал шаруашылығы саласының ілгерілеуінде үлкен іс тындырды. Олар қазіргі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар негізінде мал санын арттырып, асылдандыру жұмысын қатар өрбітті. Сондай-ақ, бағыты айқын іске бет бұрып, төл басын түрлендіруде тындырымды іс жасап жатқан жергілікті тұрғындар қаншама. Нәтиже де жаман емес.
Ауданда қыркүйекке дейін 2124 тон­­­­на ет, 6462,6 тонна сүт өнді­ріл­­­ді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда ет 1,9 және сүт 1,6 пайызға артығымен өн­ді­ріл­ген. Өңір­де, әсіресе, жергілікті тұр­­­ғын­дардың мемлекеттік бағдар­ла­ма­­­­лар арқылы өз ісін өрістетуге деген құлшынысы жоғары. Бір ғана «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 40 шаруашылық 2011-2018 жылдар аралығында 311,21 млн теңге не­сие алып, тиісті қаражатқа 2473 бас жергілікті аналық пен 123 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Бүгінде олар қорадағы мал басын 4290-ға жеткізді. Мұнан бөлек тағы 25 шаруашылық өз қаражатымен атал­ған бағдарлама қатысушысы есе­­­­бінде жұмыс жасауда.
Соңғы жылдары сапаға жұмыс жасауды көздеген шаруашылық иелері сырттан жеткізілген асыл тұқымды ірі қараларды қолдан ұрықтандырып, табысқа жетіп отыр. Аудан бойынша 15 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс жасайды. Онда осы айға дейін 2 мыңға жуық мүйізді ірі қара қолдан ұрықтандырылды. Аққұм ауылдық округінде орналасқан «Бақдаулет-57» ШҚ ет бағытындағы «қазақтың ақбас асыл тұқымды шаруашылық» статусын алды. Шаруашылық басшысы өткен жылы 8, биыл 9 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасын са­­тылымға шығарды. Ал, Жаңадария ау­­­ылдық округінде орналасқан «Адал»­­­ ЖК 2013 жылы шет елден са­­­­­­тып алған асыл тұқымды 52 бас қа­­­­­­­­шарды республикалық қазақтың ақ­­­­­бас палатасына тіркетіп, аталған мәр­­­­тебелік деңгейдегі шаруашылық ашу­­­­­­­ға жұмыс жасауда. Мұндай ілкімді істер Аққыр ауылында да жоқ емес. Мәселен, бұл өңірдегі «Туған жер» шаруа қожалығы БҚО-ға қарасты Жәңгір хан атындағы университет ғалымдарымен келісім шартқа оты­­­рып, асыл тұқымды шаруашылық ста­тусын алуға ниеттеніп отыр. Мақпалкөлдегі «Сарғасқа жылқы» ФҚ да «Ауыл КТ серіктестігі» ЖШС-нан 19 млн тенге несие алды. Кәсіпкер тиісті қаражатқа 100 бас жергілікті аналық пен 6 бас асыл тұқымды «қалмақ сиырының» бұқасын алып, шаруашылық көлемін ұлғайтуды көздеуде.
Мал шаруашылығын дамы­ту бағытындағы ілкімді жобалар мұ­ны­мен шектелмейді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас мама­ны Алтыншаш Қартбайқызының ай­­­­­­­­­­­туынша, алдағы уақытта еттің, сүт­­­­тің, жүннің үлес салмағын арттыру, асыл тұқымды шаруашылықтар-репродукторларды құру, ет бағы­тындағы МІҚ малын бордақылау ша­­руа­шылығын ашу бағытында жар­қын жобалар қолға алынбақ. Жер­гі­лікті шаруашылықтар 44 млн 729 мың теңге субсидияға қол жеткізіп, бұл саланың серпін алуына өз септігін тигізуде.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды жә­не жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ­дарламасымен» несиеге қол жет­­­­­­­­кіз­ген адам міндетті түрде асыл тұ­­­­­қым­ды мал алуы қажет. Себебі, бағ­­дар­­­ламаның талабы солай. Сала­ның серпін алуына бағытталған бағ­дарламамен қаржыға қол жеткізген кез келген азаматтың алдағы уақытта мал басын асылдандыруда толайым табысқа қол жеткізері сөзсіз. Сондай-ақ, кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау барда тұрғындардың да қарап қалмасы анық.

К.БАЛҒАБАЙ.

25 қыркүйек 2018 ж. 798 2

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 03:06
Viagra Delivered To Po Box Drugstore Online Cheapest Brand Name Levitra viagra Cialis Black 800mg Pills

Гость Jeaplause от 6 наурыз 2019 04:00
Buy Tamoxifen In Uk Progesterone Usa On Line buy accutane 20mg prospecto kamagra Acheter Cialis 10 Mg Ligne Amoxicillin Vs Ciprofloxacin

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930