» » “АЛТЫН ДӘН” МЕРЕКЕСІНЕ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ЖЕТТІК

“АЛТЫН ДӘН” МЕРЕКЕСІНЕ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ЖЕТТІК

Төрткүл дүние көз тіккен айтулы шара – ЭКСПО-ны өткізген Қазақстан рухани жаңғыруға ден қойған ел ретінде өзін әлемге мойындатып үлгерді. Тәуелсіздік алғалы бері ширек ғасыр ішінде мемлекетіміз адам танымыстай өзгерді. Орталық Азиядағы көшбасшы ел ретінде танылды. Пост кеңестік мемлекеттер арасында да алдыңғы қатардан көрініп келеді. Ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламаның арқасында бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің санатына кірді. Осы жылдар ішінде еліміз жүріп өткен жол әлем назарынан тыс қалған емес.
Халқымыз ертеңіне сеніммен қараған сайын ел байлығы еселеп артып келеді. Облыс көлемінде болып жатқан оң өзгерістерді айтпағанның өзінде, ауданда да бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда. “Алтын дән” мерекесінің қарсаңында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің-120, аудармашы Ілияс Қабыловтың-115, ақын, Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың-90 жылдық мерейтойлары аталып өтілуде.
Мереке қарсаңында аудан көлемінде жеткен жетістік пен бағындырған белесті бір шолып өткенді жөн көрдік. Биыл Мәдениет елді мекенінде 90 орындық балабақша мен 150 орындық клуб ашылды. Сондай-ақ, аудандық ішкі істер бөліміне ғимарат берілді. Мәдениет ауы­лында кешен, Мырзабай ахун елді мекенінде ауыл әкімдігі соғылды.
Қазіргі таңда аудан бойынша 4 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалағаш ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір қазынасының ұлғаюына айтарлықтай үлес қосып келеді. Егін шаруашылығында да алға ілгерілеушілік бар. Аудан диқандары рекордтық өнім алуды дәстүрге айналдырып, қамбаны қазынаға толтыруда.
Биыл аудандағы шаруашылық құрылымдары 36315 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақыл­дарын орналастырды. Оның 22 366 гектары Сырдың бағалы дақылы – күріш. Жер құнарлылығын арттыратын, әрі құнарлы мал азығы жоңышқа егісінің көлемі 8697 гектарға (4559 жаңа жоңышқа, 4138 ескі жоңышқа) жетті. Үстіміздегі жылдың маусым айында БҰҰ Даму бағдарламасы шеңберінде Таң ауылдық округінде оазистік суару жобасы іске қосылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау, оны дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 6 айда жалпы құны 913,7 млн теңгені құрайтын 146 жоба қаржыландырылды. Облыс бойынша аудан алдыңғы қатарда келеді.
Денсаулық, білім, мәдениет саласының жұмыстарында да ілгері өрлеуге бетбұрыс жасалуда. Білім беру сапасы жылдан-жылға жоғарылап келеді. ҰБТ қорытындысымен биыл­ғы жылы облыс бойынша аудандар арасында бірінші орынды иеленді. Ауданның көр­сеткіші 87,5 балды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 5,9 балға өскен. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ауданымыз облыста алдыңғы қатарда. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарына түсу көрсеткіші бойынша да аудандар алдындамыз.
Мәдениет, спорт саласындағы қол жеткен жетістіктер де баршылық. Аудан орталығында бірқатар республикалық жарыстардың өтуі өрелі де өнегелі істің нәтижесі.
Құт дарыған, кие қонған Жалағаш жерінде бұдан да бөлек қаншама жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкерлік саласы қарқын алып, құрылыс жүйесіне де қан жүгірді. Мұның барлығы нәтижелі тірлік пен берекелі бірліктің арқасы.

Әзиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

16 қазан 2018 ж. 1 036 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930