» » Жаңалық жаршысының жәрдемі

Жаңалық жаршысының жәрдемі

“Аудандық газеттің қызметкерлерін ел аралап, жұртпен жүздесіп жүргенін естігенде өз басым қатты қуандым. Оған өзіндік себеп те бар еді. Өйткені, осыдан біршама уақыт бұрын “Жалағаш жар­шысының” редакциясына барып,­ жұмысқа тұра алмай жүргенімді айт­қан болатынмын. Журналистер бұл мәсе­лені түпкілікті зерттейтіндіктерін, тіпті, жіті назарда ұстайтынын айтты. Ре­дак­цияға барған бір айға жетер-жет­пес уақыттың ішінде мен ауылдағы бала­бақ­шаға жұмысқа орналас­тым”.
Бұл – Мәдениет ауылының тұрғыны Гүлжайна Асқарованың сөзі. Бұл кісі осыдан бір ай бұрын редакциямызға келіп, жұмыссыз жүргенін айтып, көмек беруімізді сұраған еді. Гүлжайнаның 6 баласы бар. Оның екеуі студент екенін айта кетейік. Өзінің айтуына қарағанда, жолдасы Берік те жұмыссыз.
Ақпарат айдынында өзіндік орнымен дараланатын «Жалағаш жаршысы» газетінің қашаннан ешкімге ұқсамайтын өз жолы бар. Басылым материалдарының рухани бағыты мен мазмұндық мәні терең, жұртқа ой сала білетіндігімен ерекшеленетінін оқырман қауым айтып жүр. Қазіргі таңда «Жалағаш жаршысы» газеті аудан халқының басты газеті, барлық тіршілікті хабарлап отыратын айнасы іспетті. Сондықтан да, алдымызға келіп, мәселесін айтқан тұрғынның өтінішін бей-жай қалдыра алмадық. Өйткені, оның сөзінен редакция оның ашып отырған соңғы есігі екенін ұқтық. Егер біз көмек бере алмасақ, онда оның тауы шағылатынын, жігері жаситынын түсіндік.
Айтылған мәселені жан-жақты саралап, Мәдениет ауылының тұрғыны Гүлжайна Асқарованың өтінішін қалайда орындау керек деп шештік. Алдымен ауылдағы ахуалды зерттеп, бұл кісіні жұмысқа тұрғызуға қандай мүмкіндік бар екенін анықтадық. Мәдениет ауылы аудандағы тіректі елді мекеннің бірі. Өткен жылы мұнда спорт кешені, балабақша, мәдениет үйі қайта соғылды. Үш нысан да жаңа типтегі стандартқа сай келетін ғимарат. Оның үстіне ауылдық амбулатория мен мектеп те талапқа сай. Демек, басқа ауылға қарағанда елге керекті әлеуметтік нысанның барлығымен қамтылған. Бұдан бөлек байланыс қызметі мен пошта торабы жұмыс жасайды. Бұл дегенің осынша мекемеде жұмыс жүріп тұр деген сөз. Осылардың тым болмаса біреуінен жұмыс табылып қалар деген үміт бізді алға жетеледі. Содан ауыл әкімі Өмірсерік Әбдіқалықовқа хабарластық. Мән-жайды түсіндіргеннен кейін ауыл әкімі жұмыс тауып беруге уәде етті.
Арада көп уақыт өтпей Гүлжайна Асқарованың Мәдениеттегі балабақшаға тұрақты жұмысқа орналасқанын білдік. Ал, Гүлжайнаның өзі болса жанашырлық танытқан “Жалағаш жаршысына” риза­шылығын білдіруде.

Ә.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
12 наурыз 2019 ж. 745 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930