» » Ұсақ шаруашылықтар үшін кооперативтерге бірігудің артықшылығы қандай?

Ұсақ шаруашылықтар үшін кооперативтерге бірігудің артықшылығы қандай?

Қызылорда облысының Қаратау бөктерінде өтіп жатқан бесінші малшылар слетінде аталған сауалдар төңірегінде кеңінен әңгіме өрбіді. Озат шопандар түлік басын көбейту тәжірибесімен бөлісіп, жетістіктерін таныстырды. Агросаланы дамыту үшін ет, сүт, жүн-тері өндіру мен өңдеуді одан әрі дамыту мақсатында майда шаруашылық құрылымдары мен жеке сектордың әлеуетін тиімді пайдалану керектігі айтылды. Бұл ретте өңірде 200-дей өндірістік кооператив құрылған.  Қызылорда облысы тарихындағы мал басы ең көп 1993 жылы тіркелген екен. Биылғы көрсеткіш сол деңгейден асып, қазір түлік басы көбейіп отыр. Слетқа қатысқан агроғалымдар шаруаларға мал азығының баланстық жүйесін жетілдіріп, асыл тұқымды түлікті баптаудың жаңа биотехнологиялық тәсілдерін үйретті. Одан соң аграрлар семинар-кеңесте мал шаруашылығын ғылыми тұрғыда дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Облыста ет өндірісі 3, сүт өндірісінің көлемі 2 есеге артып отыр. Өңірде 25 мың бас малды бордақылайтын алаңдар жұмыс істейді. Аймақтың 2022 жылға дейінгі агрокартасына сәйкес ет экспортын 5 есеге ұлғайту көзделіп отыр. Ол үшін мал азығы қорын жасақтаудың тиімді тетіктері іске қосылады. Төрт түлікті өрбітуге қатысты тағы бір жаңалық - ол субсидиялау тәсілдерінің өзгеруі. Агрожиында сондай-ақ ет-сүйек ұнын өндіретін, балық жемін шығаратын және тері-жүн өңдеу цехтары іске қосылатыны айтылды. Дәстүрлі облыстық слетте түлік өсіріп, табысын көл-көсір қылған үздік малшылар 11 номинация бойынша марапатталды.
02 маусым 2019 ж. 543 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930