Ұлы дала сарыны


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа­ласы аясында «Алаш ұстазы» медалінің иегері, Құрманғазы атындағы саз кол­леджінің ардагер ұстазы, жерлесіміз Қалия Мұзапбарованың шәкірттері «Ұстазға тағзым» атты думандық кеш өткізді.
Қазақ халқы Қорқыт десе қобызды, қобыз десе Қорқыт бабамызды елестетеді. Оның да өзіндік сыры бар. Қорқыттың аты түркі тектес халықтар арасында әртүрлі аңыздар арқылы жақсы танымал. Қазақ аңызы бойынша Қорқыт – әуен, әннің атасы, аңыз адам, қобыз киесі. Ол қобызын тартқанда, табиғат тына қалып, жер-жаһан, ұшқан құс, жүгiрген аң барлық тіршілік иесі үн-түнсiз тыңдағандай сезіледі. Иә, қобыз – Қорқыттан қалған мұра. Қобызда ойнау қиын әрі күрделі. Десе де, осы бір киелі өнерді Қалия Мұзапбарова жанына серік етті. Ақжайық өңіріне қыл қобызды алғашқы апарған да осы қобызшы Қалия ұстаз болатын.
Айта кетейік, Қ.Мұзапбарова 1958 жылы Жалағаш топырағында дүниеге келген. Аудандық балалар әуез мектебінің баян класының алғашқы түлегі болған ол мұнан соң, Орал музыкалық жоғарғы колледжін, Алматы мемлекеттік консерваториясын үздік бітіріп, өз мамандығы бойынша Батыс өңірінде қобызшы болып алғашқы еңбек жолын бастады. Оқытушылық қызметіне қоса қалалық, облыстық, Астана, Ақтөбе, Оренбург, Саратов, Самара, Киев, Ялта, Алушта қалаларында қайырымдылық концерттеріне белсене қатысып, өз өнерін дүйім жұртқа паш етті. Сондай-ақ, 2001-2011 жылдар аралығында облыстық Дәулеткерей атындағы оркестрде қыл қобызшылар тобында концертмейстер болып жас өнерпаздарды үлкен сахнаға қанаттандырды. Міне, бүгінгі таңда оның шәкірттері республикаға белгілі өнер иелері, киелі сахна саңлақтары атанды.
– Қалия Шәмшіқызының шәкірттерін мақ­та­нышпен айтуға болады. Олардың қата­рын­­­да елімізге белгілі – Ә.Утехаева, А.Құт­ты­­­­баева, Ә.Имашева, Э.Құмарғалиева, Г.Мұ­­­ра­­­­дымова, О.Сапарова, Ж.Серікбаева, М.Тле­­­­­­пова, М.Мұ­сабаева, А.Есжанова, Д.Ома­ро­­­­ва, А.Ахметова, М.Хасанов, жас буындардан – Е.Кабдол, Д.Ақ­ба­леева, З.Өтепбергенова жә­не тағы басқа да өнерпаздар бар. Міне, бүгін осы мей­мандардың басым көпшілігі Сыр елін­де өз өнерлерін көрсетті, – дейді ұлағатты ұс­таздың шәкірттері.
Ұлттық өнерді тыңдаудан ләззат алған Сыр елінің көрермендеріне Ақжайық қобызшылары бір сағаттық концерт берді. Соңынан Қорқыт ата музейін аралап, рухани мол мұрамызды көзбен көріп қайтты.
Дала сарынымен үндескен қобыз бен домбырадай аспабы бар, қазақ елінің ұлттық руханияты одан әрі биіктей берері сөзсіз.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.
17 шілде 2018 ж. 1 367 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930