Бала күнімізде той-томалаққа кеткен әжелеріміздің қалтасы бос қайтпайтын. Жаңғақ, өрік-мейіз, ащы кәмпит, бор кәмпит сияқты тойдан тиген тобықтай сыбағамызды таласа-тармаса іздеген қолымыз қамзолдың түпсіз қалталарын тінтіп, тіпті тесіктерінен ары қарай астарына өтіп, шалғайын жағалап кететін....