» » » Ақын Ғазиза Әбілданың шығармашылық кеші өтті (фото)

Ақын Ғазиза Әбілданың шығармашылық кеші өтті (фото)

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын Ғазиза Әбілданың "Ғашықпын гүл оранған көктеміме" атты шығармашылық кеші өтті.

Шараны іргелі оқу орнының ғылыми техникалық кітапханасы және Ә.Қоңыратбаев атындағы әдеби үйірме ұйымдастырды. Университет оқытушылары Г.Оралова, А.Әбдіразақова қаламгердің шығармашылығы жөнінде баяндама жасады. Студенттер ақын өлеңдерін оқып, өз пікірлерін ортаға салды.

Өмірін өлеңмен өрнектеген Ғ.Әбілда қазіргі күні облыстық "Сыр бойы" газетінде қызмет атқарып жүр. Оған дейін бірнеше жыл Жалағаш аудандық "Жалағаш жаршысы" газетінің редакторы болды.

2011 жылы ақынның "Таңсәрі" атты жыр жинағы жарық көрді.

syrboyi.kz
01 қараша 2019 ж. 1 157 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031