» » » ЕР СӘРКЕНІ ЕСКЕ АЛДЫ

ЕР СӘРКЕНІ ЕСКЕ АЛДЫ

Өңірімізде аудан абыройын асқақтатқан спорт­шылардың қатары көп. барлығы жүзден жүйрік, мыңнан оза шапқан аудан жастары. Спортпен шұғылданатын әр жас буын егемен еліміздің көк туын тұғырдан түсірмеуге бекініп, мемлекет мерейін асыруды алдына мақсат етіп қойған.

Жуырда Т.Жүргенов атындағы №123 мек­теп-лицейінде ұлт-азаттық көтерілістің қол­басшысы, Қазақ елінің батыры Сәрке Өмір­құлұлын еске алуға арналған таэквон­додан балалар және ка­дет­тер арасында облыстық ашық турнир өтті. Оған барлық аудан спорт мектептерінің жас спортшылары қатысты. Спорттық шараны батырдың ұрпағы Мақсат Рахметов ұйым­дас­тырып, Олжас Әлібеков төре­лік етті.
Тәуелсiздiк алғаннан берi төл тарихымызға көз жүгіртіп, елi мен жерiн жаудан қорғаған батыр­ларымызды түгендеп келемiз. Солар­дың қатарында XVII-XVIII ғасырлардағы Ұлт азаттық қозғалысы қолбасшыларының бірі Өмірқұл ба­ла­сы Сәрке батырдың есімі исі қазақ жұртына белгілі. Талай жорықтарда қолбасшылық қабі­летімен, ержүректігімен, қайсарлығымен жау­ды жер жастандырған батыр бабамыздың ерлі­гін қанша рет еске алсақ та артық етпейді. Батырды еске алуға арналған турнирдің негізгі мақсаты да – осы.
Дүбірлі додада бақ сынаған жастардың бар­лығы дерлік салауатты өмір салтын жанына серік еткен, талай спорттық жарыстарда топ жарып жүрген спортшылар. Жарыс қорытын­ды­сымен жүлделі І орынды (2007 жылғы) Анель Адамбаева, (2009 жылғы) Жасмин Болатбекова, Әліби Болатбек, (2012 жылғы) Зульфия Өтеген, (2011 жылғы) Айша Өтеген алса, ІІ орынды (2006 жылғы) Бекет Нұрасыл, (2007 жылғы) Амангелді Айбек, (2007 жылғы) Хамида Болатбек (2008 жылғы) Жанерке Әбдіғани, (2009 жылғы) Ернар Қазбекұлы иеленді. Ал ІІІ орынға (2007 жылғы) Нұрдәулет Серікұлы, (2009 жылғы) Жахат Нұрислам, (2007 жылғы) Өтеген Әбілмансұр, (2011 жылғы) Нұрислам Серікұлы, (2009 жылғы) Аян Мейрамбекұлы, Рамазан Айдосұлы, Томирис Мәдиқызы, (2010 жылғы) Айзат Уақып, (2008 жылғы) Назерке Нұрланқызы, (2006 жылғы) Кеңес Шақнұр, (2012 жылғы) Шәки Диас лайық деп танылды.
Айта кетейік, турнир барысында жүлделі орыннан көрінген спортшылардың қатарында аудандық №13 спорт мектебі Таң ауылдық бөлім­шесінің тәрбиеленушілері де бар. Бұл спорт кешен жыл басында пайдалануға берілді. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында Имамзада Шағыртаев демеушілік еткен. Ашылғанына жыл енді толса да, спорт мек­те­бінің бірқатар тәрбиеленушісі жаттық­тыру­шы­ларының шеберлігінің арқасында, өздерінің табандылығының нәтижесінде дүбірлі додада жүлделі орындарды қанжығаларына байлады. І орынды (2007 жылғы) Біржан Болатұлы, (2008 жылғы) Диана Ғалымжанқызы, ІІ орынды Алмара Ғалымжанқызы, (2012 жылғы) Досжан Сұңғат, (2010 жылғы) Мерей Мұхтарқызы, ІІІ орынды (2008 жылғы) Ақерке Ақтау, (2009 жылғы) Арайлым Әзімхан, (2012 жылғы) Серік Дамир алды.
Турнир соңында батырдың ұрпақтарынан Барпаяқұлы Көлібай ақсақал сөз алып, ұйым­дас­тырушыларға алғысын білдірді.
Елінің тәуелсіздігі жолында ұлтарақтай жер үшін жанын пида етіп, қанын төккен ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен заманда қалың жауға қол бастап қарсы тұрған батырлардың бірі Сәрке батыр «Ақтабан шұбырынды» басталып, «Елім-айлап» туған жерден ауған халықтың бос­тандығы, намысы үшін «Қалмаққырылған» аталған Бұланты-Білеутідегі қанды шайқаста қаза бол­ған. Ер Сәрке Өмірқұлұлы үш ғасыр өтсе де ұрпағының есінде.
Батырды еске алуға арналған турнир жыл сайын жалғасын табатын болады.

Тұраржан Әкімбай,
аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы

07 желтоқсан 2019 ж. 773 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930