– Қайдан келесің?– Бәнкіден. Өткенде кредитімізді жауып берді деп едім ғой Үкімет? – Содан? – Сол енді тағы да кредит сұрап барып едім, бермей қойды. Себебін айтпайды екен ғой бәнкідегілер. – Құдай-ай, құтылғаныңа шүкір деп, алмай-ақ қоймайсың ба енді? – Әй, қойшы, қазақ кредитсіз күн көреді деп кім айтты...